Жұмысқа орналастыру

Солтүстік қазақстан облысы ҚАЖ Петропавл қаласы пробация қызметі және «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ-мен бірлесіп пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарға көмек көрсету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Петропавл қ. пробация қызметі бөлімімен бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жатқан сотталған Д. үшін жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жіберілді.

Ал Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бұл сотталған жұмысқа орналасып, «Альфа-Север» ЖШС-не әртүрлі жұмысшы ретінде жұмысқа орналасты.

СҚО бойынша ҚАЖД
Петропавл қ. ПҚБ
аға инспекторы
әділет капитаны
Б.А. Исмаилов

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...