Ж.Ерманов: Жаңа конституция- елдің, халықтың үміті 

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын Жүрсін Ерманов конституциялық реформаға қатысты өз ойын білдірді.

«Еліміздің көшбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен конституциялық реформа жүргізу жөніндегі жұмыстар басталғалы елдің ішінде едәуір өзгерістер болып отыр.Елдің тәуелсіздігін, жердің бүтіндігін, ұлттың амандығын қостайтын азаматтардың барлығы пікірлерін білдіріп жатыр. Конституцияның баптарын өзгерту жөнінде қаншама ұсыныстар түскен. Оның барлығын бәріміз қол аяғымызды көтеріп қолдайтын ұсыныстар. Жаңадан құрылатын Халық кеңесі бірқатар іргелі өзгерістердің басында тұрған шара болып көрінеді. Конституциялық реформа деген оңай шаруа емес.Барлығы жақсылыққа бастасын. Елдің, халықтың үміті  жаңа саяси жаңғырудың жолында болып отыр. Мен шығармашылық интеллегенцияның өкілі ретінде осының бәрін қолдаймыз», — деп атап өтті Жүрсін Ерманов.

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...