Жұрт ChatGPT-ге жүгінеді: Тоқаев Мәдиевке отандық ЖИ-ге қатысты сұрақ қойды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке KazLLM-ге қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

KazLLM бағдарламасы бойынша бір сұрағым бар. Сіз (Жаслан Мәдиев – ред.) бұл мәселе жөнінде мәлімдеме жасадыңыз. Оны іске қостық деп айттыңыз. Бірақ менің білуімше, бұл бағдарламаға сұраныс әлі төмен. Себебі ақаулары көп. Жұрт ChatGPT-ге жүгінеді, KazLLM-ге көшкісі келмейді. Сондықтан KazLLM-нің айналасында не болып жатыр? Не айтасыз? – деп сұрады Тоқаев.

Мәдиев қазіргі таңда екі үлкен KazLLM мен AlemLLM модельдері бар екенін айтты.

Олар қазіргі таңда 40-тан астам жүйеде енгізілді. Сондай-ақ eGovAI және басқа да жүйелер. Бүгінде бұл модельдер нарыққа, IT-компанияларға, стартаптарға, студенттерге, зерттеу институттарына қолжетімді. Бірақ бұл модельдердің сапасын әлі де ұлғайту қажет. Сол себепті біз халықаралық деңгейдегі сарапшылармен бірге осы жұмысты жалғастырамыз, — деп жауап берді ЖИ саласының басшысы отырыста.

Одан кейінгі диалог былай өрбіді:

Тоқаев: Бұл салада олқылықтар бар ма? Оны білесіз бе?

Мәдиев: Бұл модельдерді үнемі жаңартып отыру қажет.

Тоқаев: Қазіргі таңда қанша адам KazLLM-ді пайдаланып отыр?

Мәдиев: Біздің мәліметіміз бойынша, осы модельге 600 мыңнан астам сұраныс болды.

Тоқаев: Қазақстан бойынша ChatGPT-де қанша адам отыр?

Мәдиев: Қазақстан бойынша…

Тоқаев: Осыны анықтау керек еді.

Мәдиев: Қазақстан бойынша халықтың 13%-ы осы жүйенің қолданушылары.

Тоқаев: Aitu-ді жасадық қой. Оны қанша адам пайдаланып жатыр?

Мәдиев: Aitu-дің бүгінде жалпы пайдаланушысы 700 мыңнан асады.

Цифрлық ел болу – алдымызда тұрған аса ауқымды міндет. Әсіресе биыл шешуші жыл болмақ. Сондықтан Үкіметтің осы бағытта қолға алған жобаларын цифрландыру ісіне зор серпін беруге тиіс, — деп айтты Президент.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.

Депутаттар Алатауға қатысты заңды қабылдады 

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Отырыста депутаттар «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын  екінші оқылымда қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты “Барыс” орденімен марапаттады

Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарында бір алтын және бір қола медаль иеленген Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.