Қасым-Жомарт Тоқаев паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты “Барыс” орденімен марапаттады

Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарында бір алтын және бір қола медаль иеленген Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Президенттің алдында сөз сөйлеген Ербол Хамитов мұнымен тоқтамай, әлі талай жетістіктерге жетуге тырысатынын айтты.

«Осындай маңызды сәтте Сіздің алдыңызда сөз сөйлеу мен үшін үлкен мәртебе. Осы жарысқа аттанар кезде Сіз маған мемлекеттік туды тапсырып, маған сенім артып, маған ақ жол тіледіңіз. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік болды. Сіздің қолдауыңызбен жеңіске жеттік. Бұған мамандардың және бапкерлердің сіңірген еңбегі зор. Сіздің қолдауыңыз әр спортшыға күш-қуат береді. Біз мұнымен тоқтамаймыз, – деді Паралимпиада чемпионы.

Сондай-ақ бүгін президент Туризм және спорт министрлігіне қарасты Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының жаттықтырушылары Василий Коломиец пен Антон Ждановичке «Парасат» ордені, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Үміт» мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубының жаттықтырушысы Аслан Тоқбаевқа «Құрмет» орденін табыстады.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.