Өзгенің мүлкін жалға алып, бас пайдасы үшін сатып жіберген алаяқ ұсталды

Түркістан полициясына жергілікті тұрғын әйел арызданды. Оның айтуынша өзінің жалға беріп жүрген құрылыс жұмыстарына арналған темір қалыпы мен қазықтарын алыс танысы жалға алып, уәделенген уақытын создырып бермей жүрген. Содан алаяқтың құрбаны болғанын сезген жәбірленуші, полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды. Жәбірленушіге келген шығын 1 миллион теңге. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.
Түркістан ҚПБ полицейлерінен жедел тергеу тобы құрылып күдіктіні ұстауға барлық күш жұмылдырылды. Нәтижесінде жұмыссыз, жергілікті тұрғын ер адам ұсталды.
Белгілі болғандай, күдікті ер адам құрылыс жұмыстарын жүргіземін деп танысының 25 дана темір қалыпы мен 64 дана қазығын алған. Алайда күдікті темірлерді өзінің арам ойын жүзеге асыру мақсатында алып, темір қабылдау орнына өткізіп жібергені белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...