Өзгенің мүлкін жалға алып, бас пайдасы үшін сатып жіберген алаяқ ұсталды

Жетісай полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша өзінің жалға берген 10 гектарлық  егістік алқапқа арналған темір сымдарын  танысы жалға алып, уәделенген уақытын создырып бермей жүрген. Содан алаяқтың құрбаны болғанын сезген жәбірленуші, полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды. 
Жәбірленушіге келген шығын 2 миллионнан астам. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.
Жетісайлық полицейлерден жедел тергеу тобы құрылып күдіктіні ұстауға барлық күш жұмылдырылды. Нәтижесінде жұмыссыз, жергілікті тұрғын ер адам ұсталды. 
Белгілі болғандай, күдікті ер адам  өзінің 10 гектар егістігін қоршаймын деп танысының 20 000  дана сымын алған.  Алайда күдікті сымдарды  өзінің арам ойын жүзеге асыру мақсатында алып, сатып жібергені белгілі болды. 
Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Новые веянья в работе судебных экспертов

          С укреплением суверенитета нашего государства Республики Казахстан все...

«ӘЛҚИССА» ДОМБЫРА СТУДИЯСЫ ТҮРКИЯДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық жас домбырашылар халықаралық байқауда үздік атанып, қазақтың ұлттық...