Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісін қызметінен босатты

Украина президенті Владимир Зеленский Петр Врублевскийді Украинаның Қазақстандағы елшісі қызметінен босатты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зеленский қол қойған тиісті жарлық Украина президенті кеңсесінің сайтында жарияланды.

«Врублевский Петр Юрьевич Украинаның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылсын», — делінген жарлықта.

Петр Врублевский 1970 жылы 15 шілдеде дүниеге келген. Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінің халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Түрлі құқықтық және қаржылық құрылымдарда жұмыс істеген. 1997 жылдан дипломатиялық қызметте. Украинаның Индонезиядағы, Тайландтағы, Вьетнамдағы елшіліктерінде жұмыс істеген. Сондай-ақ, Украина Президентінің Хатшылығында және премьер-министрінің Кеңсесінде түрлі қызметтер атқарған.

Қазақстандағы Елші болып тағайындалғанға дейін Украинаның Беларусьтегі елшілігінің министр кеңесшісі қызметін атқарған.

Задержали зарплату: куда обращаться?

СВОЕВРЕМЕННАЯ И ПОЛНАЯ ВЫПЛАТА ЗАРАБОТНОЙ ПЛАТЫ ПРЕДСТАВЛЯЕТ СОБОЙ НЕ...

Рецидив преступлений

Рецидив – наиболее опасная форма множественности преступлений, так как...

Исполнительная надпись: как защитить права в суде

ЕСЛИ ДОЛЖНИК СВОЕВРЕМЕННО НАПРАВИЛ МОТИВИРОВАННОЕ ВОЗРАЖЕНИЕ, НОТАРИУС ОТМЕНЯЕТ ИСПОЛНИТЕЛЬНУЮ...

Казахстанский детектив и новые ориентиры

ИЗ ГОДА В ГОД КАЗАХСТАН УКРЕПЛЯЕТ СВОЕ ЛИДЕРСТВО В...