Зеленский Украина тұрғындарына қару қолдануға рұқсат беретін заңға қол қойды

Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның барлық тұрғынына әскери жағдай кезінде қару қолдануға рұқсат беретін заңға қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгіме аңшылық, спорттық және наградаға алған қарулар туралы екені айтылды. Бейбіт тұрғындар «Украинаға қарсы қарулы агрессия көрсеткендерге» қарсы қару қолданғаны үшін жауапқа тартылмайтыны нақтыланған.

«Соғыс жағдайы кезінде Украина азаматтары наградаға алған қаруын, спорттық қаруын (тапаншалар, револьверлер, винтовкалар, тегіс ұңғылы мылтықтар), аңшы мылтықтары, тегіс ұңғылы немесе құрамалы қаруын, сондай-ақ оған арналған оқ-дәрілерді пайдалана отырып,  қорғана алады», — делінген Жоғарғы Рада сайтында жарияланған құжатта.

Заң күшіне енген және әскери кезеңде қолданылады.

Айта кетейік, Украинада осы заң шыққанға дейін халыққа әскери қару беру туралы шешім қабылданған болатын. Бұл Украина билігі бақылауындағы қала көшелерінде озбырлық толқынын тудырған.

Еске салайық, 25 ақпанда Зеленский Украинада жалпы мобилизация өткізу туралы шешім қабылдады.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.