Зеленский Байден мен Илон Маскпен не туралы сөйлескенін айтты

Украина президенті Владимир Зеленский 5 наурызда АҚШ президенті Джо Байденмен, SpaceX және Tesla негізін қалаушы Илон Маскпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Украина басшысы Twitter-де жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зеленский әңгіме барысында Ақ үй басшысымен қауіпсіздік, Украинаны қаржылық қолдау және Ресейге қарсы санкцияларды жалғастыру мәселелерін талқылағанын айтты.

Украина президенті Илон Маскпен не туралы сөйлескенін айтты.

«Илон Маскпен сөйлестім. Мен оған Украинаны сөзбен де, іспен де қолдағаны үшін ризамын. Келесі аптада біз қираған қалаларға арналған Starlink жүйелерінің тағы бір партиясын аламыз», — деді Зеленский. Оның сөзінше, олар ғарыштық жобаларды да талқылаған.

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...