12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Зейнетақы аударымдарын табыс салығынан босату: кім шешім қабылдайды?

БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері табыс салығынан босатылуы мүмкін. Қашан және кім шешім қабылдайды? Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Тағы бір ұсынып отырған мәселе — зейнетақы аударымдары бойынша жеке табыс салығын алып тастау. Жеке табыс салығының көлемі 10 пайыз. Сол 10 пайызды біз алып тастаудың есебінен зейнеткердің алатын зейнетақысының мөлшері осы 10 пайызға көтеріледі», — дейді Нұрлан Байбазаров Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Ұлттық экономика министрлігі бұл норманы жаңа Салық кодексінен алып тастауды ұсынып отыр.

«Бірақ шешімдерді әлі Парламент пен Мемлекет басшысы қабылдайды», — деп қосты министр.

Қазақстанда барлық мемлекеттік мобильді қосымша біріктіріледі

Ыңғайлы әрі қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыру мақсатында барлық мемлекеттік мобильді сервис SuperApp қағидаты бойынша eGov және Aitu экожүйелеріне кезең-кезеңімен біріктіріледі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстаннан бидай жеткізуге тыйым: Ресей шектеулерді қашан алып тастайды?

Ресей Қазақстаннан бидай жеткізуге қойылған шектеулерді алып тастауды қарастырып жатыр.

Мобильді аударымдар: Нені білу керек?

2025 жылы Қазақстанда мобильді аударымдарға қатысты жаңа ережелер күшіне енді. Бұған дейін тек жеке қажетке қолданылып келген онлайн ақша жіберу енді салық органдарының бақылауына алынды. Кім тексеріледі, қандай жағдайда салық төлеу керек және айыппұл мөлшері қанша?

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Правопорядок – дело общее

ПО ПОРУЧЕНИЮ ГЛАВЫ ГОСУДАРСТВА В КАЗАХСТАНЕ РАЗРАБАТЫВАЕТСЯ НОВАЯ МОДЕЛЬ ПРОФИЛАКТИКИ ПРАВОНАРУШЕНИЙ. ЗАКОНОПРОЕКТ, ПРЕДСТАВЛЕННЫЙ В МАЖИЛИСЕ, ОБЪЕДИНЯЕТ КЛЮЧЕВЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ ОТ БОРЬБЫ С СЕМЕЙНЫМ НАСИЛИЕМ, ДО НАДЗОРА ЗА РЕЦИДИВИСТАМИ, А ТАКЖЕ СТАВИТ ЗАДАЧУ: НЕ ДОПУСКАТЬ ПРАВОНАРУШЕНИЙ, А НЕ ТОЛЬКО РЕАГИРОВАТЬ НА НИХ.