Мұнай бағасы тағы өсті: Brent мұнайының құны 103,08 долларға жетті 

Азия сауда сессиясының басында мұнай бағасы айтарлықтай өсті. Brent мұнайы баррелі 2,8%-ға қымбаттап, 103,08 долларға, ал WTI мұнайы шамамен 3%-ға өсіп, 96,25 долларға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Нарық қатысушылары Ормуз бұғазы арқылы мұнай жеткізілімі қайта жандана ма, сондай-ақ аймақтағы геосаяси шиеленіс бәсеңдей ме деген белгілерді жіті бақылап отыр. Бұған дейін Иранның шабуылдарына қарамастан, бұғаз арқылы бірнеше кеме қауіпсіз өткендігі туралы ақпарат мұнай бағасының уақытша төмендеуіне әсер еткен еді.

Сонымен қатар, Азия қор нарықтары сейсенбі күні аз өсіммен ашылды. Nikkei 225 индексі 0,25%-ға, ал Kospi индексі 2,5%-дан астамға көтерілді. Бұл елдердің экономикасы Парсы шығанағындағы мұнай жеткізіліміне тәуелді.

Технологиялық секторда да өсім байқалды. NVIDIA компаниясының болашақта триллион долларлық сатылымға жетуі мүмкін деген болжамы инвесторлардың қызығушылығын арттырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс озаттарына мемлекеттік наградалар табыстады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qarmet» акционерлік қоғамының бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады.

2 қарашада Қазақстанның бірнеше қаласында жаңбыр мен қар жауады

Қазақстанның бес қаласында 2 қарашада жаңбыр жауады, оның үшеуінде жаңбыр қарға ұласады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан мектептерінде қауіпсіздікке арналған жаңа курс енгізілді: кімдер оқиды?

2026-2027 оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде «Жеке қауіпсіздік» курсы өткізіліп жатыр.

Қазақстандықтар 2027 жылғы Жаңа жылда төрт күн қатарынан демалады 

Қаңтар айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтарды барлығы 13 демалыс күні күтіп тұр.

Алматының электр желілерінде жұмысшыларға арналған ақылды каскалар енгізілді 

Жаңа технология еңбек қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп, өндірістік жарақаттану қаупін азайтуға мүмкіндік береді.