Зейнетақы жинағындағы ақшаны емделуге алуға қашан рұқсат беріледі?

Елімізде азаматтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатын емделуге пайдалану мүмкіндігі алдағы алты айға уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы «Отбасы банк» басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы уақытта радиохирургиялық қызметке қатысты өтінімдер саны күрт көбейген. Егер бұрын мұндай өтініштер айына оннан аспайтын болса, биыл қаңтар айында олардың саны жеті мыңға дейін жеткен.

Жүргізілген тексеріс барысында бірқатар медициналық ұйымдарда қажетті құрал-жабдық пен білікті мамандардың жоқ екені белгілі болған. Сонымен қатар бір клиника көрсетілген мекенжайда мүлде тіркелмеген болып шыққан.

Қазіргі таңда заңсыз әрекеттердің алдын алу бағытында тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.

Депутаттар Алатауға қатысты заңды қабылдады 

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Отырыста депутаттар «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын  екінші оқылымда қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты “Барыс” орденімен марапаттады

Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарында бір алтын және бір қола медаль иеленген Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.