12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Мемлекеттік қызметші күні» қарсаңында «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» байқауының жеңімпаздары анықталды.

«Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» ұранын желеу етіп, бұл салада еңбек етіп жүрген қызметшілерді ынталандыруға және де мәртебесін арттыруға бағытталған «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен алғашқы рет өткізіліп отыр.

Бас жүлдені ауылдағы мектептерден бастап, орталық мемлекеттік органдарға дейін 424 мемлекеттік орган мен ұйым сарапқа салды.

Өңірлік конкурстық комиссиялардың іріктеу кезеңінен өз жұмысын тиімді көрсеткендер ғана өтіп, Республикалық комиссия қарауына әр өңірден 3 үміткердің жобасы ғана ұсынылды.

Үміткерлердің жобасы мен бейнебаяндамасын арнайы құрылған комиссия мұқият зерделеп, конкурстың жеңімпаздарын анықтады.

Үздік шыққан үш мекемені назарларыңызға ұсынамыз: «Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы», «Атырау облысы Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі», «Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі».

Жүлделі орыннан көрінбесе де ерекше қошеметке ие болғандардың қатарында Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті, Павлодар облысы Кенжекөл және Маңғыстау облысы Батыр ауылдық округтері әкімдерінің аппараттары, Қарағанды облысы Қазыбек би атындағы ауданның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жобалары бар.

Байқаудың қорытындысы бойынша Комиссия барлық қатысушыға алғысын білдіріп, «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсы жыл сайын өткізілетінін атап өтті.

АБАЙТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы мен көрнекті абайтанушы-ғалым Жабал...

Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютер ресурстарын пайдалану бойынша өтінім қабылдайтын платформа іске қосылды

Мемлекет басшысының ауқымды цифрландыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында...

В Алматы состоялось итоговое мероприятие «Jana Beles»

17 ноября, в Международный день студента, в Алматы состоялось...

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы әрі сапалы қарастыру мемлекеттік органдар қызметінің басты басымдығы

25.11.2025 ж. Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыру жұмысы...