Өзбекстанда конституцияға енгізілетін түзетулерді талқылау мерзімі ұзартылды

Өзбекстан парламенті конституцияға түзетулерді талқылауды 15 шілдеге дейін ұзартты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстан Олий Мажлисінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Заң шығару палатасы «Өзбекстан конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» конституциялық заң жобасын жалпыхалықтық талқылау мерзімін 15 шілдеге дейін (10 күнге — еск.) ұзарту туралы шешім қабылдады», — делінген хабарламада.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Жокаргы Кенес депутаттарымен және Қарақалпақстан жұртшылығы өкілдерімен кездесуінде барлық ұсынысты ескеру қажет екенін атап өткені айтылды.

«Яғни, Өзбекстан конституциясының 70, 71, 72, 74 және 75-баптары өзгеріссіз қалдырылып, қолданыстағы нормалар сақталады деп көрсетілген», — деп түсіндірді заң шығару палатасы өкілдері.

Осы түзетулерге байланысты 1 шілдеде Қарақалпақстанда шерулер басталды. Өзбекстан Ішкі істер министрлігі Қарақалпақстанның бас қаласы – Нүкістегі митингілерге «республикада жүргізілген конституциялық реформаларды дұрыс түсіндірмеу» себеп болғанын атап өтті.

Өзбекстанның қолданыстағы конституциясында Қарақалпақстан осы республика халқының жалпы референдумы негізінде ел құрамынан шығу құқығына ие егемен республика ретінде көрсетілген. Жақында ел конституциясына түзетулер жобасына сәйкес бұл ережелерді алып тастау ұсынылатыны белгілі болған еді. Қарақалпақстан халқы бұл өзгерістерге наразылық білдірді.

Ұлттық домбыра күніне арналған мәдени іс-шара өтті

2026 жылғы 5 шілдеде Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...