Өзбекстан президентінің үлкен қызы жаңа қызметке тағайындалды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев үлкен қызы Саида Мирзиёеваны президент әкімшілігінің байланыс және ақпарат саясаты секторының меңгерушісі қызметіне тағайындады. Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Асадовтың айтуынша, Саида Мирзиеева әлеуметтік саладағы, мәдениет және білім саласындағы реформалардың орындалу барысын бақылайтын болады.

«Әлемдік экономика және дипломатия университетінің түлегі, Ташкент мемлекеттік заң университетінің және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистрі, экономика ғылымдарының кандидаты Саида Мирзиеева көптеген жылдар бойы түрлі салаларда жұмыс істеді, атап айтқанда 2019-2020 жылдары Президент Әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі директорының орынбасары, 2022 жылдан бастап бүгінге дейін Ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау және дамыту қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы.

Оның қызметі барысында сөз бостандығын қамтамасыз ету, министрліктер мен ведомстволарда ашықтық саясаты, баспасөз қызметтерінің қызметін енгізу, мәдениет саласын дамыту, сондай-ақ гендерлік теңдік мәселелері бойынша көптеген жобалар іске асырылды», — деп жазды Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы.

ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ ОТЫЗ ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына орай Сот жүйесі –...

Честность, профессионализм и ответственность – основа государственной службы

В Ауэзовском районе Алматы состоялась встреча с государственными служащими,...

Адалдық, кәсібилік және жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі

Алматы қаласының Әуезов ауданында мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп және...

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, ұлттық...

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...