Зарина Омарова: Карантинде табысым 80 пайызға қысқарды

Той-томалақтар мен концерттерге шектеу қойған каратин режимі бірқатар өнер өкілдерінің қалтасын жұқартқаны рас. Локдаун кезінде басты табыс көзінен айырылған жұлдыздар қатарында әнші Зарина Омарова да бар. Шектеулер салдарынан оның табысы 80 пайызға қысқарып қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Зарина Омарова карантин уақытында қаржыдан қысылғанын жасырмады. Алайда, әнші бұл кезде жар таңдаудан қателеспегенін түсінген. Ол өнер иесіне тұрмысқа шықпағанына аса қатты қуанған. Шоу-бизнес жұлдызы өзінің жұмысы тоқтап қалғанымен, жолдасының ісі жүре бергенін алға тартты.

«Каратин көптеген жоспарларымның күл-талқанын шығарды. Біраз әндер жазыла алмады. Барлығымыз үйде отырып қалдық. Сол кезде бір бейнебаян түсіремін деген мақсат бер еді. Ол да сол қалпы түсірілмей қалды. Уақыт өте келе көп нәрсе өзгеріп кетті. Ол бейнебаян трендтен кетіп қалды. Сонымен қатар, карантин алдында бір жақсы киноға шаұырған болатын. Басты рөлді сомдау керек едім. Бәрі іске аспай қалды. Карантин қалтамды сексен пайызға жұқартты. Негізі, сол кезде өнер адамына тұрмысқа шықпағаныма шүкір дедім. Әйтпесе, екеуміз де отыратын едік. Бір-бірімізге қарап, әнімізді айтып жүретін едік. Күйеуімді сол кезде одан бетер жақсы көріп кеттім. Онлайн болса да, бастысы жұмысы жүріп жатты» , — деп ағынан ажрылды Зарина Омарова «Ревю» бағдарламасына берген сұхбаты барысында.

Армрестлингтен Әлем чемпионы атанған полицей оқушыларға шеберлік сабағын өткізді

Әлемдік спорт аренасында Қазақстанның абыройын асқақтатқан тәртіп сақшылары жас...

Исчезнувшая семья: следствие нашло ответ

РЕЗОНАНСНОЕ ДЕЛО В АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ ПОЛУЧИЛО РАЗВЯЗКУ. ТРАГЕДИЯ, НАЧАВШАЯСЯ...

Референдум күні әр екі сағат сайын дауыс беру барысы туралы ақпарат беріліп отырады

Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге дайындық жұмыстарын...

Тұғыры биік туған тіл

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани тірегі. Әр халықтың...

Электронды сот отырысын ұйымдастыру – сот жүйесіндегі тиімді жаңашылдық

       Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың дамуы қоғам өмірінің барлық саласына...