Армрестлингтен Әлем чемпионы атанған полицей оқушыларға шеберлік сабағын өткізді

Әлемдік спорт аренасында Қазақстанның абыройын асқақтатқан тәртіп сақшылары жас буынмен өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, мазмұнды кездесулер өткізуде. Осы бағыттағы кезекті іс-шара Түркістан қаласындағы №33 жайлы мектепте өткізілді.
Облыстық полиция батальоны ұйымдастырған кездесуге мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Сабақта денешынықтыру бойынша тағылымды шеберлік сабағы өтті.
Кездесуге қызмет пен кәсіби спортты қатар алып жүрген полиция қызметкері Нұрқанат Утешов қатысты. Жеңімпаз полицей Нұрқанат өткен айда Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен армрестлинг спортынан Әлем кубогына қатысып, жүлделі І орынды иеленген. Берілген санаулы уақыт ішінде қарсыластарынан айла-тәсілін асырып, жеңіске жеткен тәртіп сақшысы, оң қолымен 5 қарсыласпен күресіп, 5-еуін де жеңіп, бас жүлде «Алтын алқаны» қанжығалаған. Сол қолы бойынша жүлделі ІІ-орынды алған. Халықаралық жарысқа 25 елден 400-ге жуық спортшы қатысып, өзара бақ сынасқан.

Шеберлік сабағы барысында оқушыларға қол күрес тәсілдері, өзін-өзі қорғау әдістері, сондай-ақ ептілікті дамытуға арналған арнайы жаттығулар көрсетілді.
Кездесу оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Жастар чемпион полицеймен қол күресіп, тәжірибе алмасып, кейбір әдістерді өздері де орындап көрді. Олар еңбектің, тәртіптің және өзіне деген сенімнің арқасында спортта да, қоғамға қызмет етуде де үлкен жетістіктерге жетуге болатынын түсінді.
Аталған шара жаттығу ғана емес, батылдық пен табандылыққа баулитын, елге адал қызмет етудің маңызын ұғындырған тағылымды кездесу болды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...