Заречныйда ҚАЖ және СОБР қызметкерлері атыс бойынша бірлескен сабақтар өткізді

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №57 мекемесінің жеке құрамы Заречный кентінде орналасқан 5574 әскери бөлімінің аумағында жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлерімен бірлескен оқу атыстары өтті.

Жеке құрам бойынша психолог оқу-жаттығу барысында төтенше жағдай кезінде психологиялық сүйемелдеу, қарумен жұмыс істеу кезінде және шиеленісті сәттерде ерік жігерін арттыру бойынша жұмыстары жүргізілді.

Кәсіби және жауынгерлік біліктілікті арттыру үшін, атыс алаңында жас мамандардың стрессті жеңілдету бойынша эстафеталық ойындар мен психологиялық жаттығулар өткізілді.

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...