Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары электрондық нұсқада ұсынылатын болады

Жуырда Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңымен «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына біршама жаңашылдықтар енгізілді. Заң 8 маусым 2024 жылы қолданысқа енді.

Жаңашылдықтарға сәйкес, әділет органдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қорпорациясының коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы қызметін мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне, объектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыратын болады.

Сонымен қатар, өзгерістерге сәйкес, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн тіркеуші органға егер бұрын құрылтай құжаттары қазақ және орыс тiлдерiнде жасалған және екі данада ұсынылуға тиіс болса енді электрондық нұсқада ұсынылатын болады.

Осылайша, заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік қайта тіркеу  кезінде және мемлекеттік, есептік қайта тіркеуге әкеп соқпайтын өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар электрондық нұсқадағы құрылтай құжаты ұсынылатыны көзделген.

Аталған талаптар саяси партиялар мен діни бірлестіктерге қолданылмайды.

Саяси партиялар мен діни бірлестіктер тіркеуші органға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар құрылтай құжаттарының екі данасын не саяси партиялар мен діни бірлестіктердің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтінін ұсынады.

Одан бөлек, өзгерістермен тарату негiзi бойынша заңды тұлға қызметiнің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін заңды тұлғаның мөрiн жою туралы құжат ұсыну талабы алынып тасталған.

Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу

және тіркеу қызметі саласындағы

 бақылау бөлімінің бас маманы

М.Халилова

Тіл – ел тірегі

Тіл – әр халықтың ең басты байлығы мен рухани...

Ценности, приоритеты, вызовы

Конституционная реформа в Казахстане стала важным этапом модернизации государственного управления и укрепления принципов демократического правового государства. Как известно, с 1 июля 2026 года в нашей стране вступает в законную силу новая Конституция. В этой связи в Казахском национальном университете им. аль-Фараби 2 июля состоится Международная научно-практическая конференция на тему: «Новая Конституция Республики Казахстан: новые ценности, новые вызовы, ответственность перед будущими поколениями».

Направление дела судом прокурору

В соответствии со ст. 323 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан,...

Об особенностях назначения на должности судей

АДМИНИСТРАТИВНЫЙ ПРОЦЕДУРНО-ПРОЦЕССУАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ЗА ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ СТАЛ...

АТА ЗАҢ — АЗАТ ЕЛДIҢ АР-НАМЫСЫ

1 шілдеден бастап жаңа Конституциямыз қолданысқа енеді. Бұл – Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға. Себебі, осы күннен Қазақстанның құқықтық шежіресінің жаңа парағы ашылып, жаңа кезеңі басталады.