Заңды өкіл кәмелетке толмаған баланың қайыр сұрағаны үшін жазаланды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (әрі қарай – ӘҚБтК) 127-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша азаматша С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.              Іс материалдарына сәйкес, Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылында азаматша С.-нің жасы кәмелетке толмаған қызы Т. заңды өкілін ескертпестен, туысымен бірге Мерке ауданында орналасқан мешітке барып қайыр сұрап жүрген жерінен полиция қызметкерлерімен ұсталған. Өз кезегінде Т.-ның жасы 16-ға толмағандықтан, оның заңды өкілі азаматша С.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотта С.-ның ата-аналық міндеттерін тиісті түрде орындамағандарының салдарынан оның жасы кәмелетке толмаған баласы әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана әрекеті жасағаны іске тіркелген құжаттармен толық дәлелденді.

ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жасалынған құқық бұзушылық үшін жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеліп соғады.

             Сот қаулысымен азаматша С. ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 14 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды, ол 51 688 (елу бір мың алты жүз сексен сегіз) теңгені құрады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотының баспасөз қызметі

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...

От образования до внешней политики: чем заинтересовала казахстанцев книга Токаева

Книга Президента Касым-Жомарта Токаева «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»...

Проведение оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» службой пробации Бостандыкского района

На учете службы пробации Бостандыкского района Департамента уголовно-исполнительной системы...

ЖАҢА ТАРИХИ КЕЗЕҢ: ҮМІТ, СЕНІМ ЖӘНЕ ЖАСАМПАЗДЫҚ

Алматыда Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды      2026 жылғы 4...