Заң тәртіпен әділеттің негізі!

Алматы технология және Флористика колледжінің  тәрбие бөлімінің бастығы  Ахмеджанова Жанардың ұйымдастырумен ««Заң тәртіпен әділеттің негізі!» деген тақырыпта іс-шара студенттер арасында өтті. Іс шараға   Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты,  №11 мекемесінің  сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие бөлімнің қызметкерлері әділет капитаны Хайруллаев Султан Аманкосович психолог әділет капитаны Искакова Асем Сагындыковна және ақпарат және байланыс тобының  қызметкерлері Нұрдан Дастан Нұрболұлы, Орынтаева Фариза Сапарқызы қатысты. Кездесу барысында қызметкерлер заң туралы түсіндірме жұмыстар жүргізіп, студенттер қойған сұрақтарға жауап берді.

 Кездесудің мақсаты: Құқықтық жауапкершіліктің маңыздылығын насихаттау және құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық білімімен қамтамасыз ету. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет. Студенттер арасында өтілген «Заң тәртіпен әділеттің негізі» атты іс-шара, студент жастарға  олардың құқықтық сауаттылықтарын артыруға аз да болса өз үлсін қосары анық.

Кез келген адам өз құқығын, жауапкершілігін білуі тиіс, сол себепті де құқықтық білім баршамызға керек. Іс шара соңында колледждің тәрбие бөлімінің бастығы  Ж.Ахмеджанова диекторларының атынан алғыс айтып,қызметкерлерге алғыс хаттар берді.

                                                                №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...