12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Заманауи технологиялар туралы

Сот жүйесіне заманауи технологияларды енгізу сот ісін жүргізуді біршама жеңілдетті. ІТ-технологияларды кеңінен пайдалану, ақпараттық жүйелерді біріктіру, ақпараттық технологияларды қолдану сот жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге септігін тигізді.

Бүгінде сотқа ақпараттық технологиялар арқылы талап-арыздар мен шағымдарды беру, құжаттардың көшірмелерін алу және іс материалдарымен танысу мүмкіндігін көздейтін электрондық сот төрелігі кеңінен қолданысқа ие екендігі баршаға белгілі. Сот жүйесін ақпараттандыру бағытындағы жаңашылдықтар құжаттарды қабылдаудан бастап, шешімдерді, атқарушылық парақтарды, үзінді көшірмені берумен аяқтай отырып, сот төрелігін іске асырудың барлық кезеңдерін қамтиды.

Бүгінде сот саласында процеске қатысушыларды SMS-хабарлама және электронды почта арқылы хабарландыру жүйесі, «Сот құжаттарымен танысу», «Сот істерін қарау кестелері», «Сот кабинеті», «Сотқа шақыру қағаздары» сервистері белсенді қызмет етеді.

«TrueConf» мобильді қосымшасын қолдану тәсілі өте қарапайым. Ол үшін «Playmarket» бағдарламасы арқылы аталған қосымшаны смартфонға жүктеп, сот отырысына қосылу үшін сот отырысының хатшысы берген сервер нөмірі, логин мен пароль болса жеткілікті. Ал, «WhatsApp» мобильді қосымша халық арасында кеңінен қолданысқа
ие болып табылатындықтан, сот отырыстарын қашықтықтан кедергісіз өткізуге септігін тигізуде. Электронды сот төрелігін іске асыру халықтың сотқа деген сенімін, сот
төрелігіне қолжетімділігін, оның ашықтығын және жариялылығын арттыру ретінде танылады. Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауи технологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды.

Қорыта айтқанда, сот жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу қазіргі уақытта өзінің тиімділігін көрсетуде. Азаматтардың уақыты үнемделіп, сот қызметіне қол жетімділік еселене түсті. Бұл адамдардың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.

Қызылорда облысының
мамандандырылған
ауданаралық экономикалық
сотының бас маман
Ж.Успанов

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...