Залал көлемі қомақты

Ақтөбеде жаппай тәр­тіп­сіздік барысында облыс әкімдігінің ғимараты за­қым­данды. Келген шығын шамамен 300 миллион теңгені құрайды. Барлығы 17 полиция қызметкері жарақат алды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров айтты.
Ақтөбеде жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қала бойынша жаппай тонау фактілері тіркелген жоқ. Алайда, облыс әкімдігінің ғимараты зақымданды. Келген шығын шамамен 300 миллион теңгені құрайды. Өйткені 4 қаңтарда наразылық білдірушілер Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратын басып алып, тонап кеткен.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Ақтөбеде наразылық өршіп тұрған тұста облыс әкімі мен орынбасарының халық алдына шықпағаны туралы айтылған еді. Тіпті, ел арасында өңір басшысының қашып кеткені туралы да ақпарат тарады. Тікелей эфир барысында Руслан Хамбаров наразылық кезінде аймақ басшыларының қайда болғанын айтып берді.
Ол облыс басшысының дүрбелең кезінде жұмыста болғанын, алайда ғимарат басып алынғаннан кейін қауіпсіз жерге көшуіне тура келгенін жеткізді. Оның сөзінше, әкімдік ғимаратын қалпына келтіруге шамамен 2-3 апта уақыт қажет. Ақтөбедегі жаппай тәртіпсіздікке ұласқан бейбіт митингтен кейін полицияға 960 адам жеткізілген. Жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, билік өкілдеріне күш қолдану, ғимаратқа шабуыл жасау және лаңкестік әрекеттер жасау фактілері бойынша 11 қылмыстық іс қозғалды.
– 960-қа жуық адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Оның ішінде 7 адам аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Төрт адамға қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. 312 адам әкімшілік қамауға алынды, қалғандарына қатысты жедел тексеру шаралары жүргізілуде, – деді Руслан Хамбаров.
Жаппай тәртіпсіздік кезінде 17 полиция қызметкері жарақат алды. Қазір 2 қызметкер ауруханада ем алып жатыр.
Қазіргі уақытта облыс бойынша жағдай бірқалыпты. Барлық тіршілікке қажетті нысандар, қоғамдық көліктер штаттық режимде жұмыс жасауда. Сондай-ақ ірі өндіріс кәсіпорындары және қаржы мекемелері өз жұмыстарын жандандырды. Жанармай бағасы тұрақты. Азық-түлік бағасы бақылауда. Облыс әкімі орынбасарының мәліметінше, Ақтөбе облысында қаңтар айынан бастап өндіріс саласындағы 24 мың адамның орташа есеппен 25% жалақылары өсті.

Жансая Есмағанбетова
Ақтөбе қаласы

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.