“ЗАЙЫРЛЫ ЕЛ БОЛУ МЕН ДІН ҰСТАУ МӘСЕЛЕСІ”

12 маусымда Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Атырау облысы бойынша ҚАЖД қарасты №79 әйелдер түзету мекемесінде «Зайырлы ел болу мен дін ұстау мәселесі» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараға «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының теолог маманы Р.Қалмазұлы, «Шапағат» қоғамдық қорының психолог маманы Г.Құбышева, «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының тарихшысы Н.Уттибаев және баспасөз маманы Г.Нұрвахитқызы қатысты.
Жиын барысында теолог Р.Қалмазұлы «зайырлылық» түсінігін кеңінен түсіндіре отырып, мемлекетіміздің дін саласындағы саясатының негізгі бағыт бағдары мен қағидаттары туралы ақпарат берді. Психолог Г.Құбышева еліміздің тарихына қатысты түрлі сұрақтар қойып, психологиялық ойын ойнатты. Сонымен қатар қатысушыларға дін мен дәстүр сабақтастығына қатысты түрлі жағдаяттарды талдатып, пікір алмасты. Тарихшы Н.Уттибаев ұлтымыздың терең тарихынан мысал келтіре отырып, дін мен дәстүрді қос қанаттай берік ұстап, саналы қоғам құруға атсалысуға шақырды.
Шара соңында белсенділік танытып, сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушыларға “Оян, қазақ”, “Ізгілік қалсын әр ізде”, “Ұлттың оянуы” және “Абайдың қара сөздері” кітаптары сыйға берілді. Барлығы 65 сотталған азаматша қатысты.

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...