12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Заң жобалары бойынша ақпараттандырудың қазақ тілді үлесі бар болғаны 12,4 % құрайды

«ADAL» партиясының кезекті жиналысында «тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын ақпараттандыру мәселесі талқыланды.

Аталмыш заң жобасы халық арасында қызу талқыға түсіп, көпшіліктің наразылығын тудырған  болатын. Өйткені халық ақпараттандыру жеткілікті деңгейде жүргізілмеген. Осыған орай «ADAL» партиясы әлеуметтік мәселелерге қатысты заң жобаларын еліміздің барлық ауданындағы халық арасында мемлекеттік тілде талқылауды ұсынады.

Статистикаға сүйенсек 2020 жылдың 8 айында полиция органдарына тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 130 мыңға жуық шағым түскен, оның 30 мыңы әкімшілік іс ретінде қаралып, тек 2,5 мыңы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«ADAL» партиясы әр тараптың пікірін зерттеу мақсатында заң жобасының қарсыластары мен жақтаушылары арасында бірқатар кездесулер өткізді. Көпшілік заң жобасында көрсетілген нормалар отбасы құқықтарын бұзады, қазақ дәстүрлеріне қайшы келеді деп қауіптенді. Сонымен қатар, Заңның нақты қандай тармақтары оларға сәйкес келмейді деген сұраққа қарсы болғандар жауап бере алмайды, себебі олар заң жобасын оқымастан, әлеуметтік желілердегі заңға қарсы шыққандардың сөзін тыңдап пікір қалыптастырған.

Партия сарапшыларының ақпаратына сәйкес қазақстандық БАҚ пен әлеуметтік желілерде заң жобасы туралы 15 298 ақпарат тіркелген. Оның ең көп үлесі орыс тілінде – 75,8 %, ал ең аз үлесі қазақ тілінде (12,4 %) жасалған.

«Көріп отырғанымыздайақпараттандыру негізінен орыс тілінде өткен. Ал заң жобасына қарсы шыққандардың көпшілігі қазақ тілді азаматтар. Біз заң жобасы бойынша ақпараттандыруға қатысты үлкен проблеманы көріп отырмыз. Осыған байланысты әлеуметтік заң жобаларын алдымен мемлекеттік деңгейде фокус-топтар деңгейінде талқылау нормаларын ұсынамыз. Заң жобасының бастамашылары еліміздің 216 ауданындағы осы заң жобасына қатысы бар адамдардың пікірлерін ескере отырып, «тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң баптарының қалыптастыру қажет», — деді «ADAL»партиясының өкілі Акмарал Бекмурзаева.

 Арай СЕРІКБАЕВА

 

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...