Заңсыз тапқан ақшам абырой әпермеді

Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылорда қаласындағы №68 мемлекеттік мекемесінде қамауда отырған ҚР ҚК- тің 192, 174- баптары бойынша сотталған 22 жастағы азамат өзінің жасаған қылмысына өкінетінетіндігін білдірді.

Сотталғандарды оңалту, бетін бері қарату мақсатында мекеме теологтары өткізген іс-шара барысында пікір таласқа түскен А есімді жігіт өзінің өмірін мысалға келтіре отырып, бостандықта жүргенде барын бағалай алмағандығы үшін өкінді. Алғашқы қылмысымды, жастық қызбалығыммен жасадым. Кеудем пісіп тұрған шағым еді. Шыны керек, менде өзімнен артыларлық байлық болды.

Бірақ сол байлықпен ешкімммен бөліспедім,тіптен қарыз сұрап келген жақыныма да бермедім. Іштім, жедім, той-думандатып, қызық қудым. Ата-анамның айтқан ақылын тыңдамадым. Сөйтіп жүріп, болашақ жарыммен кездестірдім. Жас қыздың аяғы ауыр болып қалған соң, үйленуге тура келді. Ұлды болдым.

Алла маған бар бақытын берді. Бірақ мен сол күйіме шүкір деместен,екінші қылмысқа бардым. Ол кездегі мақсатым, қандай жолмен болса да, көп ақша тауып, асқан бай болуды көкседім. Интернет желісі арқылы діни ақпарат таратып, қыруар қаржыға кенелдім.

«Көп асқанға — бір тосқан» деген бүгін міне, қол аяғым матаулы қапастамын. Заңсыз тапқан ақша абырой әпермеді. Сондықтан, өзімнің замандастарыма қолдағы барларыңызды қанағат тұтып, бостандықтың қадірін біліңіздер дегім келеді – деп, ағынан жарылды.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём Республики!

В честь Дня Республики сотрудники женской колонии УИС по...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

В честь Дня Республики прошёл турнир по волейболу

В женской колонии УИС по области Абай в честь...