Ұзақ мерзімге сотталғандарға психологиялық көмек көрсетілді

ЗК-169/5 мекемесінің психолог мамандары ұзақ мерзімге сотталғандарға психологиялық көмек беру арнайы іс-шара ұйымдастырды. Онда «Майнд машина» психорелаксациялық аппаратымен жазасын өтеушілерге профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, ойларын жақсы бағытқа өзгертуге көмек көретілді.

-Психолог маман бізге арнайы аппаратты кигізгенде көз алдыма түрлі-түсті бояулар келіп, жағымды әуен ойнап тұрды. Сол әуеннің ырғағымен өткен өмірімдегі ең бақытты шақтарымды көз алдыма елестеттім. Жақсы көңіл-күйге бөленіп, болашақ үшін мақсат қойдым, — деді сотталған.

Іс-шара барысында психолог мамандар сотталған азаматтармен жан-жақты пікір алмасып, психологиялық кеңестер берілді.

ЗК-169/5 мекемесі,

Қызылорда облысы

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...