Зағип жандарға пернетақта ойлап тапқан ақтөбелік оқушылар олимпиада жүлдегері атанды

Зағип жандарға пернетақта ойлап тапқан ақтөбелік оқушылар Мексикада өткен халықаралық олимпиадада жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушылары Жаннұр Әйіп пен Данияр Чутенев Expo Sciences Mexico халықаралық виртуалды олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды. Олар олимпиадада нашар көретін және зағип жандарға арналған « Braille Board» атты пернетақта жобасын ұсынды. Оқушылар қолда бар жобаны жыл бойы жетілдіріп келеді. «Біздің құрылғы алты батырмадан тұрады. Осы алты батырманы басу арқылы компьютерге әріптерді немесе таңбаларды енгізуге болады. Болашақта патент алуды жоспарлап отырмыз. Өйткені бұл шынымен де бірегей жоба», — деді Жаннұр Әйіп.

Мектеп оқушылары жасаған пернетақта көлемі шағын. Тіпті адамның алақанына сыйып кетеді. Оқушылар жаңа құрылғыны Ақтөбе қалалық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханаға апарып, пернетақтаны сынақтан өткізіп көрді. «Пернетақтаны апта бойы сол кітапхананың қызметкері қолданды. Ол ешбір нұсқаусыз, бірден кәдесіне жаратты. Яғни, Брайль қарпін білетін адамдарға еш қиындық тудырмайды», – деді Жаннұр Әйіп. Кейін қолданушы не жазғанын сезе алатын дисплей жасау идеясын пайда болды. Екі оқушы қазір осы бағытта жұмыс істеп жүр. Айта кетейік, Expo Sciences Mexico халықаралық олимпиадасына әлемнің 17 елінен барлығы 61 команда қатысты. «Компьютер және робототехника» номинациясы бойынша Жаннұр мен Данияр екінші орынға иеленді.

После принятия новой Конституции в стране успешно реализуются масштабные политические реформы – наблюдатель из Иордании

Международный наблюдатель, член Совета комиссаров Независимой избирательной комиссии Иорданского...

Мәре сызығы артта қалды: Меңдібай аға «Құрылтайға жол» ультрамарафонын Алматыда дауыс берумен аяқтады

Меңдібай аға өзінің парақшасында «Құрылтайға жол» шежіресіндегі қорытынды жазбасын...

Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған – Сердар Мутта

Бүгін – Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлау күні. Дауыс...

МВД РК: ситуация в стране стабильная, грубых нарушений общественного порядка не зарегистрировано

По словам официального представителя Министерства внутренних дел РК Шынгыса...

ҚР ІІМ: елдегі жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша,...