12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Заң және тәртіп»: Астанада мектептегі құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесі талқыланды

Астанада №97 мектеп-гимназиясында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында қала мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған оқыту семинары өтті. Семинар барысында білім ошақтарындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі кейстерге талдау жүргізілді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жиынға Білім басқармасы мен қалалық прокуратура, үкіметтік емес ұйым өкілдері, Астанадағы 119 мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушілері қатысты.

«Президенттің тапсырмасымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бекітілген болатын. Жалпы, қоғамда мектеп оқушылары арасындағы тәртіпбұзушылық, құқықбұзушылық, заңға бағыну бойынша мәселелер көтеріліп жатады. Бұл ретте біз мектеп-гимназиямызда инновациялық жоба бастадық.

Ол – «Әділет» жобасы. Осы жоба шеңберінде заңды оқыту, тәртіпке бағынудың концепциясын жасадық. Биыл тамыз айында жұмыс басталды.

Семинарға қатысушылар кейстерді, мектептердегі құқықбұзушылықтарды, оның ішінде ұрлық, буллинг, төбелес сияқты деректерді талдады.

Бұл жағдайлар нені білдіреді? Ол – оқушылардың заңды білмеуі, түсінбеуі немесе заңға бағынбауы деген сөз.

Сондықтан мектепке байланысты 3 кейсті көрнекі түрде ұсындық. Оның бірі – «Әділет» жобасы бойынша түсірілген бірнеше қысқаметражды фильм. Фильмдерде зорлық-зомбылық, балалардың заңсыздық әрекеттері көрсетілген. Прокуратура қызметкерлерімен, заңгерлермен кеңесе отырып, ата-аналардың рұқсатымен тәрбиелік бағытта түсірілді», — деді №97 мектеп-гимназиясының директоры Зәмзагүл Қиянова.

Оның сөзінше, бұл семинар қала мектептері үшін маңызды. Себебі инновациялық жобаны барлық мектепте жүзеге асыру мәселелері талқыланып, іс-шара қорытындысы бойынша жаңашылдықты енгізу мақсатында нұсқаулық әзірленеді. Сол бойынша келесі оқу жылында мектептерде инновациялық жоба енгізіле бастайды.

Семинар барысында №97 мектеп-гимназия қабырғасында түсірілген қысқаметражды фильм көрсетілді.

Заңгерлердің кеңесімен, кәсіби мамандардың қатысуымен, ата-аналардың рұқсатымен, мектеп басшылығының бақылауымен түсірілген қысқаметражды фильмдердің сценариін жазуда оқушыларға мүмкіндік берілген. Мысалы, оқушылардың бірі «Қауіпті чат» деген тақырып ұсынған.

Айта кетейік, №97 мектеп-гимназиясында бүгінде 2740 оқушы білім алады. 162 педагог қызмет атқарады. Аталған білім ошағы 2023 жылы ашылған.

Қылмыстық заңдарды өзгерту –заман талабы

Елімізде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын...

Көк туды желбіреткендер ел тағдырын да қолдайды

Республикалық референдум – елімізде жүргізіліп жатқан Конституциялық реформалардың шешуші...

Известные казахстанцы поддержали проект новой Конституции

Прославленные спортсмены и артисты считают, что 15 марта станет...

Бурихан Нурмухамедов «Оценивать Конституцию необходимо именно по этим параметрам»

По мере того как разворачивается общественная дискуссия вокруг проекта...

Жалын Тлеуберген: Когда главным ресурсом становится идея, общество начинает развиваться по-новому

В Алматы состоялась встреча членов Общенациональной коалиции «За Народную...