Заң мен тәртіп үстемдігі:Әскери қызметшілер жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қараудың құқықтық ерекшеліктері

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы қоғамның барлық саласында, соның ішінде Қарулы Күштер мен басқа да әскери құрылымдарда заң үстемдігін қамтамасыз етуді көздейді. Әскери қызметшілер мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ерекше субъектілер болғандықтан, олардың әкімшілік жауаптылығы мен оларға қатысты істерді қарау тәртібінің өзіндік заңнамалық ерекшеліктері бар.

Әскери қызметшілер әкімшілік құқық бұзушылықтың «арнайы субъектісі» болып табылады. Олардың жауапкершілігі мемлекеттік тәртіпті сақтаудың жоғары талаптарына негізделген. Соныдқтан көзделген жауаптылықтың да өз ерекшеліктері бар. Мысалы:

Тәртіптік жаза мен әкімшілік шара: Әскери қызметшілер көптеген құқық бұзушылықтар үшін әскери жарғылар бойынша тәртіптік жауаптылыққа тартылады, алайда жол жүру ережелерін бұзу немесе салық саласындағы заңсыздықтар үшін жалпы негізде жауап береді.

Қамаққа алуға тыйым салу: Әскери қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін оларға қатысты әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылмайды.

Сотқа құрметтемеушілік: Егер сот отырысында әскери қызметші тарапынан сотты сыйламау фактісі анықталса, сот сол жерде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы қабылдауға құқылы.

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы негізінде әскери қызметшілер арасында «мүлдем төзбеушілік» (zero tolerance) қағидатын қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлық пен тәртіпсіздікке жол бермеу көзделеді.

Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 54-бабына сәйкес, әскери қызметшілер құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңдарда белгіленген тәртіппен қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және тәртіптік жауаптылықта болады. Бұл ретте әскери қызметшілер әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама бойынша «арнайы субъект» ретінде танылатынын тағы да ескере кеткен жөн.

Әскери қызметшілердің әкімшілік жауаптылығының басты ерекшелігі – олардың көптеген құқық бұзушылықтар үшін жалпы негізде емес, әскери тәртіптік жарғылар бойынша жауапқа тартылуында. Алайда, жол қозғалысы ережелерін бұзу, салық салу және басқа да кейбір салалардағы құқық бұзушылықтар үшін олар жалпы негізде әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

Әскери қызметшілерге қатысты әкімшілік істерді қараудағы маңызды мәселе – соттылықты анықтау. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) 103-бабына сәйкес, егер жауапкер әскери басқару органы немесе воинская часть (әскери бөлім) болса, әскери қызметшілердің талап қоюлары бойынша істерді әскери соттар қарайды.

Сондай-ақ, егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында сотқа құрметтемеушілік фактісі анықталса, сот (судья) бұл істі сол сот отырысында қарап, әкімшілік жаза қолдану туралы жеке уәжді қаулы қабылдауға құқылы. Бұл шара сот төрелігінің беделін сақтау және «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында қолданылады.

Әскери қызметшілердің құқық бұзушылықтарын анықтау мен құжаттандыруда әскери полиция мен әскери прокуратура органдары шешуші рөл атқарады. «Прокуратура туралы» Конституциялық заң аясында әскери прокурорлар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірісті қозғауға және тоқтатуға, сондай-ақ заңсыз актілерге наразылық білдіруге құқылы.

Әскери полиция органдары өз құзыреті шегінде әскери қызметшілер жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша хаттамалар толтырып, іс материалдарын сотқа немесе уәкілетті органдарға жолдайды.

Жаза қолданудағы шектеулерге тоқтала өтсек, әскери қызметшілерге қатысты әкімшілік жаза қолданудың тағы бір ерекшелігі – оларға әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылмайды. Бұл шектеу әскери қызметтің үздіксіздігін және жауынгерлік әзірлікті сақтау қажеттілігінен туындаған.

Оның орнына мұндай құқық бұзушылықтар үшін әскери қызметшілерге тәртіптік жазалар, соның ішінде теріс мотивтер бойынша қызметтен босату шарасы қолданылуы мүмкін.

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы және сот белсенділігіне тоқтала өтсек, жаңа тұжырымдама аясында соттардың, соның ішінде әскери соттардың белсенді рөліне баса назар аударылады. Әкімшілік істерді қарау кезінде сот тек тараптар ұсынған дәлелдемелермен шектелмей, істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін өз бастамасымен дәлелдемелер жинауға міндетті. Бұл әскери қызметшілердің құқықтарының бұзылмауын және әскери басқару органдарының шешімдерінің заңдылығын қамтамасыз етеді.

Әскери қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылықтары бойынша істерді қараудың ерекшеліктері әскери қызметтің құқықтық табиғатымен және мемлекет алдындағы жауапкершілігімен тікелей байланысты. «Заң және тәртіп» концепциясы негізінде әскери ортада кез келген құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын орнықтыру – әскердегі тәртіпті нығайтудың және әділетті қоғам құрудың кепілі болып табылады. Сондықтан әскери соттар мен құқық қорғау органдарының іс жүргізу ерекшеліктерін сақтай отырып, заңдылықты қамтамасыз етуі мемлекеттік маңызы бар міндет болып қала бермек.

Алматы гарнизонының әскери сот әкімшісінің бас маманы

Сот отырысының хатшысы

Нұрланова Айдана Нұрланқызы

Заң және тәртіп:Сот аппараты қызметкерлерінің кәсібилігі – сот төрелігі сапасының кепілі

Қазақстан Республикасында «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025...

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...