12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған телемост өтті

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2025 жылғы 20 қазандағы кеңес хаттамасының 5.1-тармағын іске асыру шеңберінде жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында бірқатар профилактикалық іс-шаралар өткізілуде.

Осы бағыттағы жұмыстар аясында прокуратура органдары Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерімен және білім беру ұйымдарымен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету мақсатында телемост форматындағы кездесу ұйымдастырды. Атап айтқанда, Атырау қаласындағы №24 және №37 мектептердің оқушылары мен Атырау облысы бойынша ҚАЖД-ның №79 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында телемост өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдерге құқық бұзушылықтардың салдарын нақты өмірлік мысалдар арқылы түсіндіру, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру және қылмысқа апаратын жолдардың қауіпті екенін көрсету. Телемост барысында сотталғандар өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, заң талаптарын бұзудың қандай ауыр зардаптарға әкелетінін баяндады. Әсіресе алаяқтық, дропперлік, бұзақылық және есірткі айналымына байланысты қылмыстардың қоғам мен жеке тұлға үшін тигізетін зиянына ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі М.О.Утепова оқушыларға тәрбие мақсатында өз ойын айтып , қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Мұндай ашық диалог форматы жасөспірімдердің құқықтық санасын арттыруға және олардың өмірлік ұстанымдарын дұрыс қалыптастыруға оң ықпал етті.

Аталған телемост жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған тиімді құралдардың бірі ретінде бағаланып, алдағы уақытта да осындай форматтағы іс-шараларды жалғастыру жоспарлануда. Бұл жұмыстар «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыруға және қоғамда құқықтық мәдениетті нығайтуға өз үлесін қосады.

Көк туды желбіреткендер ел тағдырын да қолдайды

Республикалық референдум – елімізде жүргізіліп жатқан Конституциялық реформалардың шешуші...

Известные казахстанцы поддержали проект новой Конституции

Прославленные спортсмены и артисты считают, что 15 марта станет...

Бурихан Нурмухамедов «Оценивать Конституцию необходимо именно по этим параметрам»

По мере того как разворачивается общественная дискуссия вокруг проекта...

Жалын Тлеуберген: Когда главным ресурсом становится идея, общество начинает развиваться по-новому

В Алматы состоялась встреча членов Общенациональной коалиции «За Народную...

Банкроттықтың өз салдары бар 

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық...