Заң мен тәртіп қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған телемост өткізілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының 2025 жылғы 20 қазандағы кеңес хаттамасының 5.1-тармағын іске асыру шеңберінде мектеп оқушылары мен түзеу мекемесі арасында телемост ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң мен тәртіп қағидаттарын кеңінен насихаттау, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алу. Телемост барысында мекеме қызметкерлері сотталған азаматтардың өмірінен мысалдар келтіріп, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық жауапкершілік, қылмыстың салдары және дұрыс өмірлік бағыт таңдау жөнінде кеңестер алды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...

Будущим юристам показали работу уголовно-исполнительной системы изнутри в области Абай

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной...

Сот жүйесінде электронды цифрға өтудің маңыздылығы

Қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялардың дамуы сот жүйесіне де елеулі...