Зүлфия Чиншанло Азия чемпионы атанды

Қазақстандық зілтемірші Зүлфия Чиншанло Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық зілтемірші қоссайыс қорытындысы бойынша 220 келіні ырқына көндірді. Ол әуелі жұлқа көтеруде 95 килоны еңсеріп күміс жүлде, ал серпе көтеруде 125 келімен алтын алды.

Ауыр атлетикадан 2022 жылғы Азия чемпионаты 8-16 қазан аралығында Манамада өтеді. Құрлықтық турнирге 29 елден 186 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан атынан 18 спортшы қатысады.

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...