12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылордада түзеу мекемесіндегі  сотталғандар  қобдиша мен домбыра  жасап жатыр

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандармен сұхбаттасудың сәті түсті. Бұл жолғы кейіпкерім ағаштан түйін түйген бесаспап шебер Нұржан есімді азамат. Ол есірткі бабымен 14 жылға бас бостандығынан айырылған. Қазіргі уақытта 7 жылын өтепті. Мекемеде жазасын өтей жүріп, ағаш ұстасы мамандығын оқып, диплом алған. Жеті жылдан бері мекемеде ағаш бұйымдарын жасайды.Көбіне ағаштан қобдиша мен домбыра жасайды екен . Домбыра жасаудың қыр-сырын жіті меңгерген ол бізге жасалу жолын  тізбектеп айтып берді.

Домбыра жасау үшін қарағай, қайың, емен ағашы пайдаланылады.Бұл ағаштар міндетті түрде кепкен болуы керек. Ағаштар  арнайы арамен кесіледі, жонылып формасына келтіріп аламыз. Формасына келтірілген шанақты қалыпқа салып, иіп,  пеште күйдіреміз. Домбыраның мойнын, беті, құлағын арнайы желімнің көмегімен жабыстырамыз. Дайын болған домбыраны әбден сүргілеп, оюын салып, лак жағамыз. Бұл ұлттық аспапты жасауға шамамен  он күндей  уақыт кетеді деді.

Нұржан  домбыра шертетін болғасын оған домбыраның қоңыр үнін шығару қиын емес екен. Домбыра тартқаны болмаса ,ағаштан түйін түюді осы мекемеге келгелі үйрене бастаған. Міне,  жеті жылдан бері оның қолынан 200 –ге жуық  домбыра  мен қобдиша шыққан. Шебердің қолынан шыққан зергерлік бұйымдар мен әшекейлер салатын қобдишаның  да жасалу жолын білуге асығып, сұрақтарымды үсті-үстіне қойып жатырмын. Ол бізге қобдишаның жасалу жолын былайша түсіндірді. Бір қобдишаны жасауға шамамен  бір аптадай уақыт кетеді. Қобдишаға да қарағай, қайың, емен ағаштары пайдаланылады. Алдымен ағаштан қобдишаның өлшемін дайындап алған соң, оны сүргілеп, формасына келтіреміз. Сыртына қарындашпен ою салып, арнайы кескіш құралдарды қолданады.Сырты дайын болған қобдишаны екі  рет лактейміз, екіншісі майлы лакпен үрлеу әдісі арқылы. Сыртқы бетіне сурет салу үшін майлы қаламды пайдаланамыз.Одан соң кобдиша ішін  әдемі маталармен қаптаймыз. Қобдишалардың көлеміне байланысты жасалу уақыты да  әр түрлі болады. Кішкене қобдишаларды 3-4 күнде жасасақ, көлемділеуін бір аптада жасаймыз. Жұмысым өзіме ұнайды. Айлығымды уақытылы аламын. Менің тілеуімді тілеп отырған жалғыз анам бар. Алатын айлығымның бір бөлігін анама жіберіп, қалғанына өзіме қажетті заттарды мекемедегі дүкеннен аламын деп әңгімесін аяқтады.  Бізде Нұржанның жаза мерзімін өтеп, анасына аман-есен қауышына тілектестік  бірдірдік.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

 

Информационно-образовательный семинар по профилактике ВИЧ и СПИД

Лекция  «Информационно- образовательный семинар по профилактике ВИЧ и СПИД» ...

Профилактика и взаимодействие!

20.05.2024 года в рамках взаимодействия на территории учреждения 79...

ЖПІ «Құқықтық тәртіп»

10.05 -30 05.2024 ж. бастап Астана қаласында қылмыстардың жолын...

Встреча с наставником

Сотрудники «Учреждения №3» посетили ветерана уголовного исполнительной системы полковника...

Сотрудниками УИС проводится работа по реабилитации осужденных к освобождению

С участием сотрудников Департамента УИС по г. Алматы, Алматинской...