Қызылордада түрғыны қамаудағы досына палау ішіне жасырып, телефон өткізіп бермекші болған

18.11.2022 жылы сағат 17:10 сағатта Қылмыстық атқару саласына қарасты № 68 республикалық мемлекеттік мекемесінде ( тергеу изоляторы) сәлем-сауқаттарды қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлері тағы да, тыйым салынған затты тауып тәркіледі.

Мекеме қамауындағы сотталғанға келген азамат «Samsung» маркалы ұялы телефонын политэтилен пакетіне орап, палау тағамы ішіне жасырып, өтізбекші болған.

Алайда, жазаға тартылған досын жарылқамақшы ниеттегі азаматтың тағамдарға жасырған « тосын сыйын» сәлем- сауқаттарды қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлер, әділет старшинасы Қасымбеков Балғазы мен аға бақылаушы старшина Келесова Мақпал бірден аңғарып, тәркілеп, ішке өтпеудің алдын алды.

Қамаудағы азамат ҚК 188- баптың 3 бөлігімен ( тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотталған.

Ал, досына телефон әкелген Қызылорда қаласының 1997 жылғы тұрғынының үстінене аталған факті бойынша хаттама толтырылып, ҚРӘҚБтК-нің 481 бабына сәйкес, іс-құжаттары процесуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды.

Абай облысы ҚАЖ мекемелері арасында шахматтан онлайн турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ басқармасының қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...

В учреждении минимальной безопасности состоялся онлайн-турнир по шахматам

В учреждении минимальной безопасности УИС по области Абай состоялся...

Абай облысының мекемелерінде онлайн шахмат турнирі өткізілді

Абай облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандар...