12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылордада сотталғанмен кездесуге келген азаматтың сәлем-сауқатынан есірткі заты анықталды

22.02.2021 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде ұрлық қылмысымен, яғни Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігімен жазасын өтеп жатқан С. есімді азаматқа қысқа мерзімді кездесуге келген танысының сәлем-сауқатынан есірткі заты анықталды.

Мекеме қызметкерлері кездесуге келген азаматтың сәлем-сауқатын тексеру барысында «State Line» темекі қорабына нығыздалып салынған 27 дана «жасыл түсті, өткір иісті» затты анықтаған.
Жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалып, қорытындысымен салмағы 20,22 граммды құрайтын «кептірілген марихуана» екені дәлелденді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Түзеу мекемесі қызметкерлерінің қырағылығы мен жедел ұйымдасқан әрекетінің нәтижесінде мекеме аумағына есірткі затының кіріп кетуінің жол кесілді.

 

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской организован творческий вечер

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Жеке құраммен түсіндіру-профилактикалық кездесу өтті

2025 жылғы 8 шілдеде №2 түзеу мекемесінде мекеме басшылығының...

Семейде сотталғандар өз қолдарымен Бәйтерек макетін жасады

Бәйтерек-Қазақстан астанасының басты символы. Мәселен, осы Астана күнің мерекелеу...

Состоялась торжественная церемония бракосочетания между осуждённым

В учреждении №64 Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел...