Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды. Спорттық іс-шара дене шынықтыруды дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында өткізілді.

Жарысқа бірнеше команда қатысып, өздерінің спорттық шеберлігін, ұйымшылдығын және жеңіске деген жігерін көрсетті. Ойындар тартысты әрі достық жағдайда өтті. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, грамоталармен марапатталды.

– Мұндай іс-шаралар сотталғандардың моральдық көңіл-күйіне оң әсер етіп, уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Волейбол – бұл тек спорт қана емес, сонымен қатар команданың бір мүшесі екеніңді сезінудің мүмкіндігі. Осындай турнирлер күнделікті күйбеңнен серпіліп, дене шынықтыруға және өзара сыйластықты дамытуға ықпал етеді, – деп бөлісті сотталғандардың бірі.

Спорттық жарыстарды ұйымдастыру – тәрбие жұмысының тиімді құралдарының бірі. Мұндай іс-шаралар салауатты өмір салтын қалыптастыруға, тәртіпті нығайтуға, ұжымда өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға және сотталғандар арасында қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етеді, – деді сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ермек Рахимов.

«Ізгі істер жылуы»: мекеме қызметкерлері оқушыға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесті

Жаңа оқу жылы қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің...

«Әні барда – өзі бар» атты музыкалық кеш ұйымдастырылды

ҚР ІІМ ҚАЖК 79 мекемесінде сотталған азаматшалар арасында қазақ...

Абай облысында рақымшылық бойынша босатылған сотталған азаматты туған бауыры қарсы алды

Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...