Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандармен Әділет департаменті, Жеке сот орындаушылар палатасы және нотариат өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.
Іс-шара сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу, нотариаттық әрекеттер және азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мәселелерін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында мамандар қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіріп, сот шешімдерін орындау тәртібі, берешектерді өндіріп алу, сенімхаттар мен басқа да нотариаттық құжаттарды рәсімдеу мәселелері бойынша ақпарат берді. Сонымен қатар алименттік міндеттемелер, мүліктік құқықтар және заң көмегіне жүгіну тәртібіне ерекше назар аударылды.
Сотталғандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан білікті кеңестер алды.
– Осындай кездесулер құқықтық мәселелерді тереңірек түсінуге және қажетті ақпаратты тікелей мамандардан алуға мүмкіндік береді. Құжаттарды рәсімдеу мен сот шешімдерін орындауға қатысты көптеген сұрақтарға нақты жауап алдық, – дейді сотталған.
– Құқықтық ағарту жұмыстары тәрбиелік жұмыстың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Мұндай кездесулер сотталғандарға жазасын өтеу кезеңінде де, бостандыққа шыққаннан кейін де туындауы мүмкін мәселелер бойынша өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдар мен заң қоғамдастығы өкілдерімен өзара іс-қимыл құқықтық сауаттылықты арттыруға, заңға құрметпен қарауды қалыптастыруға және қоғамға табысты бейімделуге ықпал етеді, – деп атап өтті сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ермек Рахимов.

«Әні барда – өзі бар» атты музыкалық кеш ұйымдастырылды

ҚР ІІМ ҚАЖК 79 мекемесінде сотталған азаматшалар арасында қазақ...

Абай облысында рақымшылық бойынша босатылған сотталған азаматты туған бауыры қарсы алды

Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...