Қызылордада сотталғандар арасында шахматтан турнир өтті

Елорда күні мерекесіне орай ҚАЖ департаментінің ЗК-169/4 мекемесінде сотталғандар арасында шахматтан турнир өткізілді. Мекеменің тәрбие бөлімі мен «Жігер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген шахмат турниріне 20 сотталған қатысты. Спорттық шараны ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмыстарын жүргізу тобының бас маманы әділет подполковнигі Серік Сейдахметов ашып, мерекемен құттықтап,жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Одан соң «Жігер» мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Жұмаділдаев шахмат турнирінің ережесімен таныстырды.

Тартысты өткен шахмат турнирінде 1орынды Н есімді сотталған жеңіп алса, 2,3орынды А және Е есімді сотталғандар өзара бөлісті. Тартысты өткен жарыста белсенділік танытқан сотталғандар да сыйлыққа ие болды.

«Мен шахматты сотталғанға дейін жақсы ойнадым, бірақ мен мекемеде де жақсы дайындалдым, соның нәтижесі шығар бірінші орын алдым – деді ойыншылардың бірі, сотталған Нұрхан. Өткізілген турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған сотталғандар грамотамен марапатталды.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...