12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылордада пробация есебіндегі 21 сотталған жеке кәсібін ашқан

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті Пробация қызметінде есепте тұрған соттталғандарға жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жоспарға сәйкес жүйелі түрде әлеуметтік – құқықтық көмектер көрсетіліп отырады.Әлеуметтік – құқықтық көмектің бірі- есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру болып табылады. 2020 жылдың 9 айында пробация есебіндегі 406 азамат жұмысқа орналастырылса, 21 азамат жеке кәсібін ашқан.

Бүгінде мемлекет тарапынан қаржылай қолдау тауып, шаруасын дөңгелетіп отырған жас кәсіпкерлер қатары артып келеді. Міне, осындай жас кәсіпкерлердің қатарында пробация есебінде тұратын азаматтар да бар. Ол азаматтардың жеке кәсібін ашуға мемлекеттік грант септігін тигізген. Пробация есебіндегі 21 азамат «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бір айлық «кәсіпкерлік негіздері» курсын аяқтап, сертификат алып, кәсіп ашуды қолға алған. Жаңадан бастаған кәсіпті қолдау мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында осы азаматтар қайтарымсыз грант ұтып алды. Осылайша олар қайтарымсыз қаражатқа қол жеткізіп, қазіргі уақытта бірі компьютер жөндейтін орталық ашса, енді бірі мал шаруашылығымен,тауық өсіру шаруашылығы, бетон өңдеу цехы, ағаш цехы, шаштараз сынды жеке кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Кәсібін енді бастаған азаматтарға қайтарымсыз гранттың көмегі көп.

 

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

Казахстан: Кардинальные перемены в борьбе с пытками и защите прав человека

Право каждого человека на защиту от пыток и жестокого...

Жұмыс режимін сақтау бойынша жиын өткізілді

2024 жылдың 10 желтоқсанында Мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін...

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...