Қызылордада пробация есебіндегі сотталғандар дойбы ойнаудан сынға түсті

Арал аудандық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық пробация қызметінің есебіндегі сотталғандар арасында дойбыдан жарыс өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында мәдениет бөлімінің қызметкері дойбы спортының ақыл-ойды дамытуға қосар үлесі жөнінде тоқталып, сотталған азаматтарды салауатты өмір салтын насихаттауға шақырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта осындай додалар жиі ұйымдастырылып тұратындығын атап өтіп, белсенділік танытып қатысуға шақырды. Бәсекеде пробация есебіндегі 30 сотталған сайысқа түсіп, бақтарын сынады. Жеңімпаздар алғыс хатпен марпатталды.

-Мен бүгінгі жарыста қарсыласымды озып, алғыс хатпен марапатталдым. Мектеп жасынан ойнап жүргеннен маған жарыс аса бір қиын болмады. Негізі спорттық шаралардан қалмауға тырысамын. Осы жарыстың алдында футболдан турнир өткен.Ол жарыста да командамен жүлделі орынды иелендік. Осындай шараларға қатысуымызға ықпал етіп жүрген аудандық пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз,-деді есептегі азамат.

Шара соңы мәдениет бөлімі ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...