Қызылордада есептегі сотталғандар SMM маманы курсына қатысты

Бүгін Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен, «Жастар одақтары» ҚБ-нің ұйымдастыруымен ауданның жұмыссыз жастары мен пробация бақылауындағы жастарға өмірге қажетті дағдыларды үйрету мақсатында қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылды. Курс аясында жастарға бүгінгі күні нарықта үлкен маңызға ие болып табылатын СММ дағдылары, Таргет, Мобилография бойынша кең көлемді ақпараттар берілді. Шараға аудан әкімінің орынбасары Б. Нұридинов қатысып, жастарға білім алу мен кәсіп бастаудағы қадамдарына сәттілік тіледі.

«Курстан көптеген мағұлмат алдым. Өзім әлеуметтік желілермен жақсы жұмыс жасайтын едім. Мамандар жалпы парақшаларды қалай басқару керектігін, қалай қолдануды фото-видео контент, пост жазу, сторис жасауды үйретті. Ешқандай қиындығы жоқ, телефон мен интернет болса жеткілікті. Мобилографияны да меңгере бастадым. Телефонмен сапалы видео түсіріп, бизнес орындарын жарнама жасау арқылы қаражат табуға болады екен. Бүгінгі курсты ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз,- деді есептегі азамат.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

В области Абай среди осужденных, состоящих на учете службы пробации, прошел шахматный турнир

В Кокпектинском районе области Абай службой пробации Департамента уголовно-исполнительной...

Туған күнінде ерлік танытты

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкері,...