Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері сынақ тапсырды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлері сынақ тапсырды.

ЗК-169/4 мекемесі бастығының орынбасары әділет майоры Абай Мамбетов және мекеменің кадр саясаты тобының инспекторы әділет капитаны Дінмұхамед Оспанов мекеме қызметкерлерінен ҚР ІІМ-нің 2017 жылғы 6 маусымдағы №95 бұйрығына сәйкес қызметтік міндеттерді ойдағыдай орындау үшін қажетті білімді, іскерлікті, дағдыларды тексеру, атыс қаруынан және дене шынықтыру даярлығын бақылау нормативтері бойынша сынақтар қабылдады.

Мекеме қызметкерлерінен сынақ қабылдаған мекеменің кадр саясаты тобының инспекторы әділет капитаны Дінмұхамед Оспановтың айтуынша, барлық қызметкерлер тапсырмаларды тиісті деңгейде орындап, жоғары білім деңгейін көрсеткен. Сондай-ақ атыс қаруын қолдану қағидаларын жатқа айтып, дене шынықтыру даярлығынан да жоғары нәтиже көрсеткен. Қызметкерлердің жақсы көрсеткіштер көрсетуі мекемеде апта сайын күрестің жауынгерлік тәсілдерін пысықтау, арнайы құралдарды және атыс қаруын қолдану ережелері бойынша және дене шынықтыру даярлықтарын шыңдау, әлеуметтік-құқықтық пәндер бойынша қосымша сабақтар дың тұрақты түрде өткізілуінен дейді әділет капитаны.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...