Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырды

Бүгін, 14 маусым- Дүниежүзілік донор күніне орай Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінің бақылаушылар қызметінің бақылаушылары облыстық қан орталығына барып, ерікті түрде қан тапсырды.

Алдымен дәрігерлер қызметкерлердің донор болуға жарамды немесе жарамсыз екендіктерін анықтап, медициналық тексерістен өткізді. Қан қысымын, гемоглобин деңгейін және диспансерлік есепте тұратындарын анықтады. Толық тексерістен өтіп, донор болуға дәрігер рұқсат берген қызметкерлер мұқтаж жандарға өмір сыйлап, сауапты іс жасады.

«Бір тамшы қан – өмірге араша» демекші, өмірі бір тамшы қанға тәуелді қаншама жандар бар. Бір адамның берген 450мл қаны, өлім аузындағы үш адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін екенін ескерсек, қаншама науқас жанның өміріне үміт сыйлаймыз. Мекеме қызметкерлері мұқтаж жандарға қан тапсыруды игі дәстүрге айналдырған. Жылына бірнеше рет донор болатын қызметкерлеріміз де бар. Ерікті түрде қан бергеніміз азаматтық борышымыз, мұқтаж жандарға көмегіміз.»,- дейді бақылаушылар қызметінің бастығы әділет майоры Ж.Әбдіқайыров.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Орташа қауіпсіздік мекемесінде спорттық іс-шаралар өткізілді

Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Су және...

В учреждении средней безопасности проведены спортивные мероприятия

Сотрудники Спортивной школы водных и игровых видов спорта Управления...

Жеке кәсіпкерліктің жүргізушісі түрмеге жасырын телефон өткізбек болған

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменттің №12 орта...

Абай облысындағы қауіпсіздігі барыеша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында волейбол турнирі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...

В учреждении максимальной безопасности области Абай прошёл турнир по волейболу среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...