Қызылордада ҚАЖ мәселелері консультативтік кеңесші органдары отырысында қаралды

«Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық – құқықтық ықпал етудің шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ, қылмыстық жазаны өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру» тақырыбындағы консультативтік кеңесші органдары отырысы Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетовтің төрағалығымен өткен жиында қаралды.

Кеңес отырысына аудандық пробация қызметінің бастығы Е.Сражатов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Әбенұлы, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Орысбек Қаниұлы, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директорының міндетін қоса атқарушы Алтынбек Төреханұлы қатысты.

Кеңесті Қоғамдық кеңестің төрағасы Д.Тлеумбетов ашып, кеңестің бағдарламасымен және күн тәртібінде тұрған мәселелермен таныстырып өтті.

Кеңес отырысында Қала және ауылдық округтердегі кітапханада тұрғылықты жерлерде жазасын өтеп келушілер мен пробация қызметі есебіндегілер болған жағдайда оларды өмірге қайта бейімдеу мен мәдени-рухани, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында дөңгелек столдар мен пікір алысу, кездесулерді өткізуді ұйымдастыруға байланысты атқарылған шаралар туралы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Әбенұлы баяндама жасады.

Мұнан соң аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Орысбек Қаниұлы пробация қызметі есебіндегілер мен жазасын өтеп келгендер арасында спорттық жарыстар ұйымдастырып, спорт түрлерімен айналысуға қолайлы жағдай жасау туралы атқарылған жұмыстардың есебіне тоқталды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар мен пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар бойынша жыл көлемінде атқарылған жұмыстардың нәтижесі жайында аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директорының міндетін қоса атқарушы Алтынбек Төреханұлы баяндады.

Сонымен қатар, пробация қызметі бөлімінің басшысы Ербол Ахметжанұлы 2023 жылға қылмыстық жазаны қолдану тәртібімен қоғамдық жұмыстарға тартылған адамдар үшін қоғамдық жұмыс обьектілерін айқындау жайында айтып өтті.

Ал, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Совет Кеңесұлы пробация қызметі есебіндегілер мен жазасын өтеп келген азаматтар үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеуге байланысты мекемелер айқындау және 2023 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

Жиын соңында комиссия төрағасы Дәурен Оңғарбайұлы комиссия отырысында қаралған мәселелер жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтып, жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар жүктед

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...