Қызылордада қарасора мен көкнәр өсірілген жылыжай әшкере болды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 4 ақпанда Қызылордада есірткі заттарын сақтау мен сұрыптауға қатысы бар үш азаматтың заңсыз әрекетін анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Процессуалдық іс-шаралар барысында «гидропоника» әдісімен өсірілген 24 түп апиын көкнәрі, 2 түп сора және 2 келі кептірілген марихуана алынды», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 2022 жылғы 8 ақпанда Қарағанды облысында өңірлік есірткі тобының өкілдері ұсталған. Олардың екеуі Саран қаласының тұрғыны.

«Топтың есірткі заттарын Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен тасымалдап, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау және Саран қалаларында өткізгені анықталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде 6 келі гашиш пен 52 келі марихуананың заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді», — делінген хабарламада.

Соталды тергеу материалдары ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелген.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда психотроптық заттарды заңсыз дайындаған есірткі зертханасын жойғаны хабарланған болатын. Заңсыз айналымнан шамамен 9 келі мефедрон және α-PVP психотроптық заттары алынған. Олардың қара нарықтағы құны 149 миллион теңгеге бағаланған.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...