Қызылорда облысында пробация есебіндегі 10 сотталғанға қайырымдылық көмек көрсетілді

Қызылордада пробация есебіндегі сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуде, олардың қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыру, қайта жасауы мүмкін қылмыстың алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бүгін Сырдария-Нұрдария қоғамдық бірлестігі Сырдария аудандық пробация есебіндегі он сотталғанға қайырымдылық көмек көрсетті.

Оларға бірінші кезекте қажетті азық-түліктер таратылып, мектеп жасындағы балаларына оқу құралдары салынған сөмке берілді. – Пробация қызметінің инспекторлары бізге әрдайым рухани жағынан қолдау білдіріп отырады. Одан бөлек әлеуметтік-құқықтық, психологиялық, медициналық көмектер көрсетіледі. Бүгін бізге Сырдария-Нұрдария қоғамдық бірлестігінің қолдауымен азық-түлік үлестіріп, балаларыма сабаққа қажетті құралдар салынған сөмке берді. Бұл жақсылық жаныма қуат бергендей болды, – деді есептегі сотталған.

– Пробация қызметі есебінде тұрған жағдайы төмен отбасыларға қолымыздан келгенше қол ұшын беріп, көмек қолын созуға тырысамыз. Осылай көмек көрсету арқылы сотталғандарды қоғамға араласуға бейімдейміз. Бұл шара осымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта да әр түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастыратын боламыз, – деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Асылжан Сақыбеков.

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...