Қызылорда маңында санавиация тікұшағы құлады

Қызылорда маңында санитарлық авиация тікұшағы құлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға бүгін, 23 ақпанда сағат 12.10-да Қызылорда облысы Арал ауданы маңында болған.

ТЖ департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметі мәліметінше, санавиация рейсін орындаған АН-2 тікұшағы құлаған.

«Тікұшақ бортында екі экипаж мүшесі, бір дәрігер болды. Барлық адам тірі. Зардап шеккендер жоқ», — деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Өрт сөндірушілер мәліметінше, тікұшақ аудан орталығынан 10 шақырым жерде Алтын құдық деген жерге құлаған. Тікұшақ толық жанып кетті.

«Басқа ақпарат жоқ. Себебі бұл жерде байланыс жоқ», — деп толықтырды ТЖД өкілдері.

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...