Қысқы Паралимпиада ойындары салтанатты түрде ашылды

Қытай астанасы Бейжің қаласында 2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындары салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты спорттық шара «Құс ұясы» деп аталатын ұлттық стадионында өткізілді. Салтанатты шарада еліміздің туын пара шаңғышы Ербол Хамитов ұстап шықты.

Айтулы аламанда Қазақстан атынан Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко, Юрий Березин және Сергей Усольцев пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлерінен ел намысын қорғайды.

Спортшылар спорттың шаңғы жарысынан, биатлоннан, тау шаңғысы спортынан, следж-хоккейден, арбадағы керлингтен және сноуборд секілді спорттың алты түрінен 78 жүлдені сарапқа салады.

Қазақстан спортшылары Паралимпиада ойындарына 1994 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді.

Бүгінгі күнге дейін ел қоржынына 1 алтын, 1 күміс медаль түсті. 1994 жылы 10 шақырымға классикалық мәнерде шаңғы жарысында қазақстандық Любовь Воробьева күміс алса. 2018 жылы шаңғымен жарыста Александр Колядин 1,5 шақырымға классикалық мәнерде спринт жарысында чемпион атанды.

Қысқы Паралимпиада ойындары 13 наурызға дейін болады.

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...