Қыркүйекте қанша ресейлік Қазақстанда тұруға өтініш білдірген?

Қазақстанда қыркүйекте 900-ге жуық шетелдік тұруға ықтиярхат алу үшін жүгінген. Бұл туралы ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Аслан Аталықов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу үшін кез келген шетелдік өтініш бере алады.

«1-24 қыркүйек аралығында тұруға рұқсат алу үшін 896 шетелдік өтініш білдірді, оның ішінде 115 адам — Ресей азаматы. Тұрақты тұруға рұқсат алу үшін Қазақстанға заңды негізде келген кез келген шетелдік, оның ішінде Ресей Федерациясынан да өтініш бере алады. Шетелдік елге заңсыз келсе, онда тұруға рұқсат алу туралы сөз қозғалмайды. Тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылатын жағдайдың барлық шарты «Халықтың көші-қоны туралы» заңның 49-бабында көрсетілген», — деді Аталықов онлайн-брифинг барысында.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.